Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Beat' G (S.M.Pro) & N.S.T. (ARHAT) - Алғашқыдай | SMPro.kz | Текст песни

1 - шумақ:
Өзіңмен таныстым алтыным сол түні,
Сен деп білмедім жүрегімнің осы үні.
Жүрдік басында бақыт жандар қатарында,
Бірақ жеңіл қарап жүрдім саған расында.
Ал мен бағаламай түсінбедім қадіріңді,
Түк мүлдем ойламадым жазамын деп осы әнді.
Келді кезегі тыңдашы сен мені,
Балапан, шын айтамын мәңгілік күтемін сені!
Ақымақпын, қырсыққан мінезімен,
Жүремін әр дайым бір өзіңді ойлаумен.
Сен үшін танылдым тәкаппар, өзімшіл,
Ал сен сенбедің болсада сөзім шын.
Жасадым қателік, сенбестік әкеліп,
Сөздермен әдемі, Жания сен үшін.
Сенемін өзіңе, мән берші сөзіме,
Қарашы көзіме, сүйемін сені шын!

Қайырмасы:
Сенсің жаным, Аймен теңсің!
Өзің жайлы, Әнім шексіз!
Білемін арамыздағы махаббат өшпейді!
Сезім байланды, жүрек екі бөлініп кетпейді!
Сағынамын сені! Алыс болсам өзіңе!

2 - шумақ:
Алғашқыдай тағы, ессіз сүйгендеймін!
Тіпті тыным таппай, сенсіз өлердеймін!
Мейлі көндім саған жалғыз болып мен өтейін,
Сүйген жүрек шыдамас айтшы не істеймін?
Соғып телефонға түндерде уайымдаймын,
Көктемді есіме алып сүйретіңді қарлаймын.
Жиырма үші, наурыз, сол кеште армандаймын,
Эх, Балапан! Шын сүйіп қалғандаймын...
Қайтейін сүйгенімді қасыңа бара алмаймын,
Ұрланып кей - кездері сыртыңнан бақылаймын.
Сен деп қиялдаған ойлардан арылмаймын,
Иә, кінәлімін бір өзімді жазалаймын.
Бәлкім сен боларсың менсізде бақытты,
Сен деп санағанмын өмірімнің жақұты.
Неге ойнадың, а, мендегі жүрекпен?
Ал мен қала бердім "сен" деген үмітпен.

Beat' G (S.M.Pro) & N.S.T. (ARHAT) еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1