Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Blast x BaGi - Кеш түсіндім, Анашым | Текст песни

Кеш түсіндім, анашым

Жүрекке толы күйініш жиналды уақыт өте,
Анашым, ер жете өмірге көзқарасым бөтен.
Зұлымдық әр бұрышта сығалайды қорқынышпен,
Ақылды қайтарғаным есімде жанжал, ұрыспен.
Ұмытпасаң, анашым, мен сенің сол сәбиіңмін,
- Балам, жүрсің бе ауырмай, қалың киініп?
Уайымнан үзбей жүрсін Құдайға мың сыйынып,
Ыстықтай алақаның көрді қаншама қиындық.
Толы мың өкінішке, қайғы да жерге жығатын,
Анашым, тізерлеп алдыңда басымды бұғамын.
Мен бақыт не екенін, сенесің бе, енді ұқтым,
Құшақтап сырымды айтуға қысылып қорықтым.
Жаным да жас босатып, кінәмді мәңгі өтеп,
Бақытқа апарамын Құдайым нәсіп етсе.
Түсіндім енді ана жолы оның жетпегені,
Қалғаны бос екен, тіпті жоқ келіп-кетері.

Қ-сы: (х2)
Құласам, қолымнан ұстап тұрғызар,
Анашым, арқаңда сенің ұрғызбар.
Соғады жан-жақтан түр-түрлі ызғар,
Ұмытпашы, анашым, арқаңда із бар.

Қаншама сезімдер кеудеге жасырынатын,
Іште алай-дүлей, жүзімде барлығы жарқын.
Есейіп келе қиындық та жағадан алып,
Терең ой талап етеді шешімдер қабылданатын.
Балалық басып өтті, өмір ағыспенен барады,
Асығып көздегенге жетер деп өзіндік шамам.
Анашым, куә боласың меніменен мақтанып,
Жалғыз сырласың боламын алда көңілді ақтарып.
Сүйемін деп айтуға қазір жетпеген дәрежем,
Қиналғаныңды қаламаймын сырқатқа дәрі іздеп.
Сен мені кешірерсің қандай болсам да, әттең,
Қатал жаза керек өкінішімді жоюға тек.
Көңілім бос, жалғыз парағыма жасым тамып,
Айтарым тіпті шексіз, білмейм қай жақтан тоқтарым.
Қаншама уайымдамын, іштей соққылайтын үзбей,
Анашым, әр таңым саған «сүйемін» деген сөздей.

Қ-сы: (х4)
Құласам, қолымнан ұстап тұрғызар,
Анашым, арқаңда сенің ұрғызбар.
Соғады жан-жақтан түр-түрлі ызғар,
Ұмытпашы, анашым, арқаңда із бар.

Blast x BaGi еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1