Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

I2mar (Айтумар) - Асылым | Текст песни

Асылым

Әні: Тимур Қасымжановтікі
Сөзі: Қойшыбек Карбаевтікі

1. Арайлы ақ таңда ашылған бір гүлсің,
Сайраған бақтарда сандуғаш, бұлбұлсың.
Жалт етсе жанарың жасқана қарадым,
Ғашықтық отына өртеніп барамын.

Қайырмасы:

Өзіңе құшақ жайдым да,
Сен болдың маған арман.
Тербеліп жаным ай-нұрға,
Аққу боп қоншы айдынға.

Ақ таңым да – сен, мен аңсаған,
Аппағым да – сен, ғашық болдым мен саған.
Тәтті әнім де – сен, аяулым менің,
Сен асылым.

2. Бойымды баураған сен жұмбақ жанбысың,
Жанымды тербетіп балқытар әнбісің,
Даланың бар гүлін бір сен деп жинаймын,
Әлемнің асылын тек саған сыйлаймын.

Қайырмасы.

I2mar (Айтумар) еще тексты


Видео
    Нет видео
    -
    Оценка текста
    Статистика страницы на pesni.guru ▼
    Просмотров сегодня: 2