Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Julik mc x Жако (X.A.U.S) - Бақыттыма | Текст песни

Сезгім келеді өзіңмен дүниенің бақытын,
Ұл мен қызды сүйсем деймін бір өзіңнен жақұтым.
Таққым келед оң қолыңа ақ некенің сақинасын,
Лайым, сондай ізгі істі нәсіп етсін бір Құдайым.
Көргім келед орамалмен өз үйімде сендей қызды,
Жылытқым келеді бірге жүрек түбіндегі мұзды.
Сені көріп сезім бұзды биік-биік қамалдарды,
Сенімен орындадым қол жетпеген көп арманды.
Мейлі, бізден бұрылсын әлем, мен сенімен
Ал сен менімен...иә...мен бұған сенем.
Сен менің көлеңкем әркез қасымдағы,
Қиналғанда қасындамын, сол себепті жасымағын.
Мойныма таққан тұмарым, сенсің ғой менің құмарым
Бейне бір елесің сенің тым ерекше арулардың.
Мен сенің қасыңдамын, ал ендеше жасымағын,
Пәк, таза нәзігім, сен менің моншағым.
Қ-сы:
Арасынан арулардың сені таңдап едім,
Жүрегіме сені мәңгілік сақтап едім.
Бізге бесігін тербетті махаббат әлемі,
Бізге кедергі емес өзгелердің әлегі...

Сыйлар едім жұлдыз, айды егер де қолымнан келсе,
Қолдан келсе жазар едім есіміңді көкке...
Себепсіз тек жасты төкпе, күлкі саған жарасымды,
Сыйлаймын пәк махаббатты, жүректегі бар асылды.
Өзге сында емессің қос жанарға жас жинайтын,
Сапарға шықсам егер де сенсің ғой мені қимайтын.
Кеудеге жүрек сыймайды көріспесек көптен
Қаншама жаз артта қалды, күз, қыс және көктем.
Мен сені сүйемін Төлеген сүйгендей Қыз Жібекті,
Мен сені алып қашам Қайып секілді Ақбөбекті.
Бізге бесігін тербетті махаббаттың әлемі
Бізге кедергі емес өзгелердің әлегі.
Мойныма таққан тұмарым, сенсің ғой менің құмарым
Бейне бір елесің сенің тым ерекше арулардың.
Мен сенің қасыңдамын, ал ендеше жасымағын,
Пәк, таза нәзігім, сен менің моншағым.
Қ-сы:
Арасынан арулардың сені таңдап едім,
Жүрегіме сені мәңгілік сақтап едім.
Бізге бесігін тербетті махаббат әлемі,
Бізге кедергі емес өзгелердің әлегі...


Другие названия этого текста
  • Julik MC & Jako - Бакытыма 2014 new (0)
  • Julik mc x Жако (X.A.U.S) - Бақыттыма (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-