Мен - Қазақпын http://vk.com/men_qazaqpyn (Нағыз ұлтжандылар отауы)
Айдан әсем, күннен көркем, жұлдызға да тең де сен, Қылығыңмен жүректегі сезім көлін тербесең, Жаныма кеп жадырайсың махабатқа сенбесең. Құстай ұшып жетер ем егер жаным «кел» десең, Сұлу көрсем, арман ару, нұрға толады айналам, Қайда жүрсем жан сәулем өзіңді әр кез ойға алам. Сұлулардың ортасында сен – қызғалдақ жайнаған, Саған деген көңілім сандуғаштай сайраған.
Тау гүліндей тұнық сезім, арманым ақ шағала, Саған деген пәк сезімді, ақ сезімді бағала. Менің жаным толқын болып асыққандай жағаға, Сағынбасам өзіңді жүрегім ән сала ма?