part.1 Сенің тілеуіңді тілеймін Шын мәнінде сен болмасаң сезім дәмінде білмеймін Қорықпа өтінемін үнемі жүрем сені қолдап Мен қасыңда жоқ уақытта Аллама Аманат
Қайтадан ұрыс керіс мән берме түк етпейді Тағдыр қарсы болсын мейлі не болсада мен кетпеймін Себебі сенсің менің ғажайып ұшқыр қиялымда кең жаханға сенсіз Ақеркем сиямын ба?
Сенің іңкәр сезімің шолпан жұлдыздай таңда туған Сен ғажайып арман мен пенде сол арманды куған Сен тек менің есебім шешімін мен ғана табатын Бақыт құсы да сенсің менің қолыма қонатын
Жарығым жан садаға нәзік қылығыңа әрбір Көз жасыңды шайып өтсін қоңыр күзгі жаңбыр О Жаратқан сақташы мына кекілді қызды О Жаратқан сақташы мына кекілді қызды
part.2 Бар байлықты тапты сенен бұзылған байдың баласы Сенің көзің мен үшін сұлулық астанасы Маған ыстық өзіңнің таныс тұлғаң Тағдырыма табынам өзіңмен табыстырған
Сезімің сезіміндей қанатты періштенің Бақытты қылу жолында таусылмас менің күштерім Күдерің үзілмесін жаман оймен қателеспе Үмітіңді аттандырма барса келмеске
Мені ойлап алаңдама бәріне төтеп беремін Қажет болса сен үшін жанымды да құрбан етемін Тоқта арманың қоятын қыздың есімін Раяна ашатын саған жұмақтың есігін
Бәрі де жақсы болады жай ғана сенші маған Қорықпа мен өзгермеймін өзгерседе бүкіл ғалам Тек қана сен үшін сен үшін құрбан етем барлығын Қара түнектегі жарығым