SAIF: Арманыммен асқақтап, Бір өзіңмен бірге самғап. Сенің мөлдір көздеріңе, Қарай берем елеңдеп. Тағдырыммен арпалысқан, Бақытыма қол созам. Сені сүйіп сағыныштан, Еске алып отырам. Алыстама жанымнан, Сағыныштан жалығам. Болшы менің қасымда, Болшы мендік әрқашан.
Қ-сы; 2-рет Жүрегімнің иесі, Бір өзіңсің сүйіктім. Еркелеші күлімдеп, Сұлу әсем күлкіңмен.
NM: Суықта жаурамадым сен болғасын құшағымда Мен ғана басқа ешкім тақпайды жүзікті саусагыңа Қырсық , тек қана маған сенгеніңді күтем Бізге суық болсада қыс айы ұқсады көктемге
Болғандай ұнатқаным түске ұқсас Бірге кетейікші қайда болсада , қолымды ұсташ Мен сені атамаймын жұрт айтатын жанымға Ол сөздің мәні не? болсаң болғаны жанымда
2-рет Жанымда бол менің алысқа алыстама Сенімен кеткім келеді беймәлім ғарыштарға Өзіңде.... жүректің кілті Кіргесін кеудеме , ұмытпа оны құлыптауға!
Қ-сы; 4-рет Жүрегімнің иесі, Бір өзіңсің сүйіктім. Еркелеші күлімдеп, Сұлу әсем күлкіңмен.