Ешкімде шатағы жоқ жігіт көшемен келеді, Ұялы телефонын жаңадан сатып алып еді. Сүйгеніне соны мақтан етіп айтып келгенде, Артынан соққы тиіп, ол құлады ек-бетінен. Жігітке керек емес бостан босқа қол көтеріп Тәрбиелемеген анасы оны, ұруға бөтенді. Ұялысын кері қайтаруды одан сұрады, Ал баукеспе болса, оны тағы бір рет ұрады. Намысын қолдан бермей, жауап соққы береді. Баукеспе жерге құлап, біреуге белгі береді Жігіт ұялысын жерден алайын деп жатқан кезде, Баукеспенің кенеттен төрт жолдасы жүгіріп келеді. Біреуі соққы береді, қалғандары жабылады. Жігіттің мұршасы болмай, тізеге тұрады. Тобырдың басшысы жігітті жерге құлатады, Қалғандары оның қол аяғын ұстап тұрады. Баукеспе қатыгездік көрсетеді бейшараға, Өзі бастап, таяқ жегені үшін өшін алады. Пышағын шығарып, жігіттің бетін тіледі Жымиып \"МЕНІ МӘҢГІЛІК ЕСІҢДЕ САҚТАП ЖҮР\"- деді Тепкінің астында қалған жігіт қансырап жатады, Көзін жұмса болғаны баукеспені еске алады. Есін жинап әйтеуір кетеді үй жағына қарай, Басында бір сұрақ\" ЕНДІ МЫНА ТҮРІММЕН ЖҮРЕМ ҚАЛАЙ?\"
Екі үш апта өткенсоң, жазылып қалады жігіт, Ал достары баукеспенің мекенін алады біліп. Ақырындап КЕК жоспарына кіріседі бәрі, Тірлікті бастайды жігіт әлі жетпеседе әлі. Қаланың шеткі жағында оқиға жалғасады, Баукеспе сол күні көшеде жалғыз келе жатады. Көңіл күйі тамаша, шегіп алған анаша... Күтпеген жерден қасына көлік келіп, тоқтады Беттерін жасырған жігіттер шығады көліктен, Оларды көрген баукеспе бірден қаша жөнелді. Төмендегі сай жаққа қарай барлығы қуа бастады, Баукеспе бір талдың астында жасырынып отырады, Жүрегі дүрсілдеп, қаны шабады басынан, Жердегі бөтелкемен ұрады қуғыншының басынан, Әрине артынан, өйткені су жүрек қоян. Бірақ көп кешікпей жігіттің өзі оны ұстап алады, Қоршаған жігіттер үрей туғызады жауызға. Үндемей тұрған жігіттерді алғысы келеді бауыздап, Бірақ қазір ол жалғыз, ештеңе істей алмайды, Оған қазір бұл жерде, үндемей тұрған қолайлы. Өткенде жауыздан таяқ жеген әлгі жігіт. Енді сөйлей бергенде, жауыз шықты көйлегін жыртып, \"НЕ ОЙЛАРЫҢ БАР? ІСТЕСЕҢДЕР ТЕЗ ІСТЕҢДЕР\"- деді, Жігіт жауап берді оған:-\"МЫНАУ СЕНІҢ ЕСІҢДЕМЕ?\"деп. Мәңгілікке қалған бетіндегі жарақатты көріп, Баукеспе батыр бәрін түсініп, бірден қалды сөніп. Жігіттер тепкіге алады, жауызды мүгедек қылады. Сөйтіп жігіт ақыры өшін алғандай болады. Story telling аяқталғанда ойланыңдаршы?! Қазақ бауырларым, бір біріңді аясаңдаршы?! Гоп стоп жасау, бірбіріңнен кегіңді алу, Ештеңеге апармайды мұндаймен мәселе шешу. Қазір 21 ғасыр-техника заманы. Баспен жұмыс істеу керек, қолға алып болашақты. Сөздерімді түсінген қазаққа мәңгілік құрмет!!! Төбелестен аулақ досым тек қана сабыр ет.
КЕК жақсылыққа апармайды, КЕК сен үшін анаң жылайды, КЕК сенде болашақ болмайды. Бір күні сен оларды, Ал бір күні сені сабайды!!!