Сылқым елес
Сөзі: Асхат Қылыш-Бек
Әні: Памир Байдуллаев
1. Арман-ай бірге өткізген нұрлы таңдар-ай
Сол шақтың болғаныма бәрі жалған-ай
Татпадық пәк сезімнің бірге бал дәмін
Төрінен жүрегімнің орын алмадың
Қайырмасы:
Айлы түнде саябақты кезіп келем
Шақырады сен болып сылқым елес
Ол күннің оралмасын сезіп келем
Бірақ сені ұмыту мүмкін емес
2. Мәңгілік аңсап сені жүрем ән қылып
Ғашықтар қосылмауы кейде заңдылық
Үзілмей жанарыңнан жүрсін моншақтар
Ең тәтті естелік боп қалсын сол шақтар
Sunkar еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1