1.Кешқұрым, түнгі ымырт, Сағат түнгі он екі, Осы уақта әдетте үйдің шамдары сөнетін. Баз біреулер әлсіздіктен жататын төсек құшып, 120-дан асып көліктің жылдамдық көрсеткіші.
Біз барамыз зыр қағып, байқамай бағдаршамды, Көр кімнің арқасында гаилар шашын қырау шалды. Ал бұлармен пара-пар жасайтындар бар жұмыс түнде, Жезөкшелер бизнесі дәл қазір қызу үстінде.
Көрші мына таяқшаны, Кездейсоқта дөп түсірер сені аяқтан шалып. өзіңді оят шашалып, жөнсіз бос соқпа қиялды, Шылым шегу әлімсақтан денсаулыққа зиянды.
Оңды-солды аңдымай, білмеймін әлек болам ба, Қажет заттарымыз бар, және де ұзақ жол алда. Жүргендей құла түзде, білмейміз және сағат қанша, Әлі талай шаруа бар бітіретін таң атқанша.... Қайырмасы: Түсінбедім дым, қайдағы бәле, Түн Айнала түтін, сәл қараңғы және. Және тағы, тағы бар болғаны ма не? Кәне, Кәне, Кәне, Кәне, Кәне, Кәне...
2. Біраздан кейін есімді жидым, Көптеген нәрселер әлі көз алдымда жылжиды. Анау қапталда түйелер жеткізбейтін сағым, Кәне, кәне... Тағы, тағы, тағы, тағы...
Ха, тапқан екенмін міне уақытты қуатын, Шегім қатып күлкіден таусылды әбден қуатым. Сезімнен өлең туатын осындай ғажап сәттерде, Әттеген-ай, қалам да жоқ көшіріп алар дәптерге.
Жоқ, бұлай болмайды тұрғанымыз мынау қақсып, Рус, қалай жағдайың? Бәрі де жақсы... Төңіректі теңселте қазақ тілінде оқ жаурады, Балықшы мен бекет маңы 5 мөлтек ауданы.
Исі қазақ қауымына арнайы мәтін Кіші жүзден, Қарапайым қара сөздің қалың қара күшін ізде. Шылым исіне уланып, көлік терезесі буланып, Айтыңдаршы, бауырларым, айтып кеттім не туралы?!
Қайырмасы: Түсінбедім дым, қайдағы бәле, Түн Айнала түтін, сәл қараңғы және. Және тағы, тағы бар болғаны ма не? Кәне, Кәне, Кәне, Кәне, Кәне, Кәне...