Қасың қандай, қарақат көзің қандай,
Күлкің қандай, шарапат сезім қандай!
Қуанатын балаша кезің қандай,
Өзің қандай, жаныма сөзің балдай!
Көңілге жыр тұнады сен дегенде,
Жүрекке сыр тұнады сен дегенде.
Кеудеме бір ғажайып шаттық орнап,
Өмірде құлпырады сен дегенде.
Таңын қандай, жұлдызды бағың қандай,
Арың қандай, жібектей жаның қандай.
Өзің қандай, шуаққа малынғандай,
Сезім қандай, Тәңірде табынғандай!
Көңілге жыр тұнады сен дегенде,
Жүрекке сыр тұнады сен дегенде.
Кеудеме бір ғажайып шаттық орнап,
Өмірде құлпырады сен дегенде.
Адам и Жанар Дугалова еще тексты
Другие названия этого текста
- Кайрат Нуртас & Молдир Ауелбекова - Гашыктар жыры (0)
- Адам и Жанар Дугалова - Гашыктар жыры (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2