Орындаған: Ерлан Рысқали
Абылай аспас Арқаның сары-ай белі,
Қуандық пен Сүйіндік жайлайды елі.
Қырық мың жылқы су ішсе лайланбас,
Нияздың Аюлыда Қара-ай көлі.
Мен жасымда, жігіттер, топтан астым,
Менменсіген талайдың көңілін бастым. Қасыма ерген жігіттерге олжа салып,
Бір түнде сегіз қызды алып қаштым.
Бұғылы мен Тағылы бүркіт салған,
Ұйпалақтап қып-қызыл түлкіңді алғам.
Есіл, Нұра, Ереймен, Қарақойтас,
Көзімнен бұл-бұл ұшты дүние жалған
Қатар-қатар өрілген тастарың-ай,
Мұнарланып көрінген бастарың-ай.
Сол бір жерлер есіме түскен кезде,
Көзімнен парлап аққан жастарым-ай.
Мен қалайша жалғанға тұрақтайын,
Өрт тиіп лаулап жанған құрақтайын.
Ауызы түкті кәпірдің талайларын,
Бақыртып сабаушы едім лақтайын.
Күйгенжарға ауылым қона алмайды,
Кері кеткен тірлігім оңа алмайды.
Қырық мың қатын қыпшақтан ұл туса да,
Бірі де Иманжүсіп бола алмайды, ах-ау-ей
(Қазақтың 1000 халық әні) еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1