Сөзін еңгізген: Дінмұхаммед Әбдірахымбай (http://vk.com/id239236878)
Өзіңмен қалсам кезігіп, Ғажайып бір күй туады. Екеуміз ғана сезініп Екеуміз ғана ұғатын. Екеуміз ғана ұғатын.
Қайырмасы: Айтуым керек болса да, Сөз табу қиын мұндайда. Айым-ау, мені қинамай Айтқызбай білсең болмай ма? Алаулап нұрың жүзіңнен Ботадай көзің мөлдіреп. Жарқ ете қалған кезіңде Кетеді жаным, кетеді жаным елжіреп.
Наздана күлсең сыңғырлай Жадырап жаным, жаңарып. Жаңбырдан соңғы қырлардай Дүние кетер жаңарып, Дүние кетер тазарып.
Қайырмасы: Айтуым керек болса да, Сөз табу қиын мұндайда. Айым-ау, мені қинамай Айтқызбай білсең болмай ма? Алаулап нұрың жүзіңде Ботадай көзің мөлдіреп. Жарқ ете қалған кезіңде Кетеді жаным, кетеді жаным елжіреп. Айым-ау мен сені сүйемін...
Өзіңе қалсам тіл қатып, Зымырар қаным тулата. Сондағы ойым, арманым Ғажайып күйін жырлатып, Ләззатқа кетсек бір батып...