Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН - Маған көктем ұнайды... | Текст песни

Маған көктем ұнайды...
Самайды сипап өткен самалымен,
Ақ жауынмен жуғаны даланы кең.
Жерге қонып періште қанатымен,
Тамшылар сырғанайды табанымен.

Онан кейін табиғат ән салады,
Тұңғиықтан бусанып жан самалы.
Мама ағаштың жаңарып әр сабағы,
Махаббатты дүние қарсы алады.

Тамшы ұршық иіріп жер бетінде,
Жан сырымды мейірім тербетуде.
Бозбаланың бойында қан атойлап,
Бойжеткеннің нұр ойнар келбетінде.

Маған көктем ұнайды көк белімен,
Жұпар аңқып «Жер Ана» бөктерінен.
Маған көктем ұнайды жанға жақын,
Ажырмай тұрғандай ет теріден.

Көктем түні Ай-жұлдыз жымыңдасып,
Жігіт-желең барады ұрын басып.
Сыр шертіскен түндерде сыбырласып,
Отау тікті қос ғашық ғұмырласып.

Махаббаттың мен білсем өрісі кең,
Көк етіктің мұң кештім қонышымен.
Бір гүл көзге ілікті топ ішінен,
Маған көктем ұнады сонысымен.

Маған көктем ұнайды... Сосын бір қыз,
Көк жүзінде шырайлы бар-дүр мұңды із.
Жылайды аспан түндерде көзін ілмей,
Жерге жас боп құлайды жұлдыз...жұлдыз...

Аққан жұлдыз көңілдің күй ырғағы,
Жанашыр жан аман ба қиырдағы?!
Жазғанынан тағдырдың озып кетпен,
Болады да Тәңірдің бұйырғаны...

Авторы: Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН

Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1