Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Бек Оралбеков - Қайран өмір-ай | Текст песни

Қайран өмір-ай

Әні: Бек Оралбеков
Өлеңі: Абдрахман Асылбек
1.
Жастық шақ өтті ғой,
Алыстап кетті ғой,
Желден жүйрік зымыраған күндер – ай.
Сырқылмас қызығы,
Басылмас қызуы,
Жұлдыздары жымыңдаған түндер – ай.

Көзіңе қарадым,
Жақұтқа баладым,
Жалт – жұлт етіп тұрған кезде жанарың.
Сыңғырлы, сүйкімді
Керемет күлкіңді
Сандуғаштың үні ме деп қаламын.

Bridge:
Кезінде жас болған,
Сезімге мас болған,
Думанға бас болған,
Қайран менің
Жастық жарқын шағым – ай.
Жастық шағым – ай.

Қайырмасы:
Қайран өмір – ай,
Ағып өткен зымырандай зулайды.
Сайран көңіл – ай,
Бұл жастығың бір орында тұрмайды.

Қайран өмір – ай,
Ағып өткен зымырандай зулайды.
Сайран бұл көңіл – ай,
Бұл жастығың бір орында тұрмайды.

2.
Илікпей тым оңай,
Сөзіме құламай,
Тәкаббарлау ұстап жүрдің өзіңді.
Бір күні жымиып,
Сөзіме шын ұйып,
Ақырында селт еткіздің сезімді.

Сол күннен, дана қыз,
Жақындап арамыз,
Үміттендім түсерсің деп қолыма.
Көрмесем сағынып,
Көркіңе табынып,
Сөйтіп жүріп, түстім өзім торыңа.


Бек Оралбеков еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1