1. Ақ сарайдай қорғаны бар Алма бақтай бағбаны бар Шіркін қандай арманы бар Сені сүйген жігіттің Білегіңнің аппағын-ай Іздеп жүріп тапқаным ай Қылығыңның жаққанын ай Сөнген оттың үмітін
қ-сы: Кел-кел кел дедім Кел қолыңды бер дедім Жүрегімде есімің бар Өз көзіңмен көр дедім Жүр-жүр жүр дедім Сен жүрген жер гүл дедім Сен жоқ жерде Күн мен айдың бар жоғын да білмедім
2. Таныс бірақ бөтенім ай У қосылған шекерім ай Қызғаныштың бекерін ай Сүймеген соң құшақтап Сен бұрылып бір қарасаң Тау мен тастан,қырдан асам Қонар еді шын қаласаң Бақыт дейтін құс аппақ