Ассалаумағалейкум, ей мұсылман бауырым, Еркін еске түсіреді Хабибімнің дәуірін. Ислам дінін ұлық еткен тек Алланың құдіреті, Пікір, шүкір, зікір етші ей Мұхаммед үмбеті.
Біз ананың құрсағында бұл дүниені көрдікпе? Бұл дүниеге келгеннен соң шын дүниеге сендікпе? Ей бауырым бірің кедей, бірің мейлі таққа мін, Иланғайсың, имандай шын байлық болғай тапқаның.
Сеніп көңіл, көрді көзі бір Алланың нақ барын, Көз ашылып жұмылғанша Құран Кәрім тапқаның. Аңдап, ашып бір сүренің сансыз сарлы қатпарын, Ақ аятпен шаюдамын жүрегімнің дақтарын.