Балауса қыз едің бір кезде
Шашыңа ақ бантик байлаған
Өзгеріп кетіпсің бұл күнде
Көркіңе көз тастап ойланам
Нұрлы бейнең қандай жарқын
Арманысың қандай жанның
Шынарым-ай
Сен, мөлдірсің, еркем
Тау бұлағындай
Жол жатыр шақырып алдыңда
Өмір тұр ұсынып шаттығын
Білмеймін ержетіп қалдың ба
Шашыңда ақ бантик жоқ бүгін
Нұрлы бейнең қандай жарқын
Арманысың қандай жанның
Шынарым-ай
Сен, мөлдірсің, еркем
Тау бұлағындай
Жылдардың еркіне бағындың
Жылдарға қол создың жан құрбым
Белгісін балалық шағыңның
Айтшы сен қай жерде қалдырдың?
Нұрлы бейнең қандай жарқын
Арманысың қандай жанның
Шынарым-ай
Сен, мөлдірсің, еркем
Тау бұлағындай
Белгісіз орындаушы еще тексты
Другие названия этого текста
- Сат тобы - Ак бантик (1)
- Белгісіз орындаушы - Ақ бантик (м. Ш Калдаяков, с. М Шаханов) (0)
- Меломен тобы - Ак бантик [x-minus.org] (0)
- Аскар - Ак бантик (0)
- Байжан - Ак Бантик (0)
- Жансерік Сатыбалды - Ақ Бантик (0)
- MeloMen - Ак Бантик (0)
- Aigera Orinbasarova - Ақ бантик (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2