Жаз болса, жарқыраған көлдің беті-ау, Көгеріп көрінеді, япыр-ай, алыс шеті-ау. Дірілдеп толқын басқан мөлдір суың-ай, Шайқайды жас баладай, япыр-ай, желдің лебі-ей.
Алтын бу айналы өңнің бетін жабар-ай, Ақ сәуле көктен төніп, япыр-ай, маржан тағар-ай. Есіме ақ сәулемді алған кезде-ау, Ақ моншақ жылт-жылт етіп, япыр-ай, жерге тамар-ай.
Жалған-ау...
Ақмоншақ жылт-жылт етіп, япыр-ай, жерге тамар-ай.
Жаз болса жарқырыған көлдің беті Көгеріп толқындайды, япыр-ай, алыс шеті Дірілдеп толқын басқан мөлдір суын Шайқайды жас баладай, япыр-ай, желдің лебі
Алтын бу ақ көбіктен бетін жабар Судан бу көкке төніп, япыр-ай, маржан тағар Есіме ақ еркемді алған кезде Ақмаржан жылт-жылт етіп, япыр-ай, жерге тамар