Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Досымжан Таңатаров - Біздің елдің жігіттері (Есенқұл Жақыпбеков) | Текст песни

Біздің елдің жігіттері, жігіттердің төресі
Солар жайлы ағайын жұрт не білесін сен осы
Олар жайлы айтылмайды биікі биік мінбеде
Өйткені олар ақиқат пен шындық сөздің жебесі

Біздің елдің жігіттері, жігіттердің төресі
Біздің елдің жігіттер-ай ұлы мұхит кемесі
Осы елден бақ пен қызыр қашпаса екен деп тілеп
Осы елдің осал жерін түзеп жүрген шегесін.

Солар жайлы білгің келсе, ортасына түсіп көр
Солар жүрген соқпақ жолмен дәтің барса жүріп көр
Ерте туып еш заманның маңдайына сыймаған
Қайран біздің қасиетті қара нардай жігіттер.

Біздің елдің жігіттері жігіттердің сырттаны
Кешегі өткен ақындар мен батырлардың ұрпағы
Ерте туып еш заманның маңдайына сыймаған
Біздің елдің сұлтаны мен біздің елдің ұлтаны!

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3
Видео
Нет видео
-