Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Ерке Есмахан - Асыл арман [www.HitMusic.Kz] | Текст песни

Өмірдің жаз бен көктемі
Тағдырдың талай жанды құлатқан өткелі
Жасыта қойған жоқ мені
Жаныма демеу болған арманым бар көктегі
Барымды соған арнадым
Жолдарға жолдар жылдарға жыл тағы жалғадым
Соңынан құс боп самғадым
Жеткізер бір күн білемін мен сол бір арманым

Алдамайды асыл арман
Тұрса да қанша тосқауыл тосып алдан
Тасып арман басыла алман
Жолыңда өтермін талай асулардан
Бәрібір мен саған жетем асыл арман

Арманым - жүрек тұрағы
Қажыр мен қайрат - тулатқан ат пырағы
Үмітім сенім шырағы
Жетелеп мені әрқашан алға деп тұрады
Мұнартып оң мен солына
Түссе де тұман болмайды тек осал болуға
Күдіктің түспей торына
Ақ құсым келіп қонар бір күн менің қолыма

Алдамайды асыл арман
Тұрса да қанша тосқауыл тосып алдан
Тасып арман басыла алман
Жолыңда өтермін талай асулардан
Бәрібір мен саған жетем асыл арман

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-