Жақұтты мінсіз күндерім қайда? Бақытты мұңсыз күлгенің қайда? Жанымда бірге жүргенің қайда? Серттескен айлы түндерім қайда? Сыр тұңған мөлдір көздерің қайда? Айтылған сол бір сөздерің қайда? Мұңыма әрбір төзгенің қайда? Бақытқа толы кездерім қайда?
Қайырма Сүйгенің қайда, сүйгенің қайда Мен үшін отқа күйгенің қайда Өзіңді жаным теңеп ем айға Мәңгі сүйіп өтем дегенің қайда
2. Жанарың талып сағынба енді Сары уайымға салынба енді Екеуміз мәңгі бір болар шақта Айналдың неге сағымға енді? Ардағым атқан таңымда неге Қалмадың менің жанымда неге Тек сені ғана сүйіп өтем деп Неліктен мені алдадың неге