Жанқұтты он жеті жасында әкесінің айтуымен Сары елінің беделді биі Шабанбайға бата алуға барады. Жанқұттының жасын сұрап білгеннен кейін: - Шырағым, дүниеде не адал, әлемде не мықты? - деп сұрайды. Сонда Жанқұтты: - Адал болсаң, судай бол, Су арамды кетіреді. Мықты болсаң жердей бол, Жер жаһанды көтереді, - деген екен. Жауабына риза болған Шабанбай би бала Жанқұттыны бірнеше күн қонақ етіп, кетерінде: Аллаңа жағам десең, азанды бол, Ағайынға жағам десең, қазанды бол, Халқыңа жағам десең, әділ бол. Судай таза бол, Жердей берік бол, Өмірің ұзақ болсын, Сөзің халқыңа куат болсын! - деп батасын беріп аттандырған екен