Бұл өлке — біздің ауыл жайлаған жер-ай
Желіге асау құлын байлаған жер-ай
Көзіме от-жалындай көрінді-ай,
Ебісіп құлын-тайдай ойнаған жер-ай
Қайырмасы:
Е-е-й, ахау сабаз,
Ұшырдым ұясынан балапан қаз.
Бұл өлке — біздің ауыл күздеген жер-ай
Қаракөз бойын сылап түзеген жер-ай
Көзіме от-жалындай көрінді-ай,
Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер-ай
Қайырмасы:
Бұл өлке — біздің ауыл қыстаған жер-ай
Қайыңға кер жорғаны ұстаған жер-ай
Көзіме от-жалындай көрінді-ай,
Күлімкөз бір қызыққа бастаған жер-ай
Қайырмасы:
Бұл өлке — ата-бабам көктеген жер-ай
Қорамнан ақтылы кой кетпеген жер-ай
Көзіме от-жалындай көрінді-ай,
Алдымнан келін кесіп өтпеген жер-ай
Қайырмасы:
Казахская народная песня еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1