Жанарларың жәудіреген, Жүрегімді баураған. Тау суындай мөлдіреген, Таңғы шықтан аумаған! Сәл ғана көрмесем, Сөзіңе шөлдесем, Жаным оттай лаулаған! Қайырмасы: Алыстама, Сен алыстама. Бағыңды басқаға табыстама! Алданышым, Менің арманымсың Болайын әрдайым қорғанышың!. Жанарыңда елжіреген, Маған жұмбақ жылу бар. Алыстама енді менен, Менің сендей кімім бар? Көрсем де ерте-кеш, Жанымды өртемес, Сенен басқа сұлулар!..