Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Макпал Диханбаева - Ауылым анi | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Қайда жүрсем, туған жерім,
Сен есімнен шығармысың!
Жастық дәурен құрған жерім,
Көз алдымда тұрармысың!

Ғашық едім қыр гүліне,
Қызық-тойым сенде өтеді.
Сенде өткізген бір күніме,
Дүниеде не жетеді!

Сүйем таныс жолдарыңды,
Саған бастап әкелетін.
Сүйем жасыл талдарыңды,
Жанға ләззат әперетін.

Сүйем айна көлдеріңді,
Мөлдіреумен қарайтұғын.
Сүйем белес-белдеріңді,
Таң сәулесі тарайтұғын.

Саған жырдан - сый арнағам,
Қиял құсын қуған жерім.
Туған жерін сүйе алмаған,
Сүйе алар ма туған елін!

Ауылымнан аттанарда,
Алтын аймақ ән салады.
Жол тынымсыз тартқан алға,
Жүрегімді нұр шалады...


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
  • Макпал Диханбаева - Ауылым Анiм (Official Music Video) от GLteam.org ... Макпал Диханбаева - Ауылым Анiм (Official Music Video) от GLteam.org ...
    http://glteam.org/load/kaz_video/makpal_dikhanbaeva_auylym_anim_2009/30-1 -0-1498 Казахстанский ...