Қара жорға болмаса, бидің сәні келер ме, Қос етек көйлек кимесе, қыздың сәні келер ме. Ал қанекей жолдастар, біреуің шық тойбастар, Той дегенде дейді екен, домалайды қу бастар.
Ал қалайық билеңдер, билеңіздер сүйгенмен, Басыңыздар шаттанып, қара жорға биіне. Қоссын барлық бейнеге, қан тарасын денеге. Қара жорға болмаса, тойдың сәні келер ме.
Қара жорға ойнаңдар, қой десе де қоймаңдар, Қос жүректің шаттығын, дәл осылай тойлаңдар, Келе бермес ыңғайға, дәл осындай күн қайда, Ойнаңыздар жамағат, билеңіздер мұндайда.
Шалдар жүрсе шаттанып, жанарынан от жанып, Би билесін майданда, кемпіріне мақтанып. Кемпір жүрсін кеңкілдеп, ақ жаулығы желкілдеп, Шалдарына көз қысып, би билесін селкілдеп.
Биле женгем билегім, мына тойдың гүлі едің, Ағалардың қалайда, дыр-дыр еткіз жүрегің. Салауатты ағасы, азаматтың сарасы, Билеп жатқан сылқылдап, келіншектерге қарашы.
Биле-биле жігіттер, жанып тұрған үміттер, Шыққанынша тоқтама, маңдайынан тұнық тер. Биле қыздар бұралып, сауық сайран құратып, Жауласын бір от сезім, жүректерде сұралып.
Қыздар солай маздасын, жүрек қылын қозғасын, Көрген кезде жігіттер, талып түсе жаздасын. Ғашықтарда тіл қатып, жүректерді жыр қатып, Қыз бен жігіт қосылып, билеу деген бір бақыт.
Биле-биле сұлуым, қандай ғажап күлуің, Сыртылдасын саусағың, былқылдасын бұының. Анау тұрған бойжеткен, сүйкімді еді-ау ой неткен, Талайлаған жігіттің, жүректерін сөйлеткен.
Қара жорға болмаса, бидің сәні келер ме, Қос етек көйлек кимесе, қыздың сәні келер ме. Қара жорға ойнаңдар қой десе де қоймаңдар, Қос жүректің шаттығын, дәл осылай тойлаңдар.