Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Нұрмұхаммед Жақып & Еркін Қобланов (Julik MC) - Бозторғай [2015] | Текст песни

Бозторғай, бозторғай

Айналайын жыл құсым,
Аман-есен жүрмісің.
Ала таңнан шырылдап,
Қуантқалы тұрмысың.

Қанатыңды кердің бе,
Қияндардан келдің бе?
Жетімекпін мен неге,
Анамды сен көрдің бе?

Қатпа қара баламын,
Тағдырыма не аламын,
Анамды іздеп әр таңда,
Аңсап әнге саламын.

Күрсінеді терең, төмен қарап көздері,
Жүрсем дейді Әкеммен, тыңдап оның сөздерін.
Батсам дейді Анамның шаттық толы құшағына,
Соңғы рет анамды сездім дейді ол «құрсағында»
Қаттысын да, жұмсағын да тағдырдың әр күнінің
Мұңаюмен қарсы алады жетпей ешкімге үні.
Жан-жағын қоршаған әділетсіз тіршілікке
Жүректегі көз жасын былай түсірді күнделікке:
— Бейнеңді салдым, Әке, қағазға міне қарашы?!
Ортасында мен тұрмын, оң жағымда Анашым!
Келші, әкетші мені, арманымды қаза қылмай,
Жүректен жас, ал көзімнен жас орнына қан ағызбай.
Кім бар, жасқа толы көздерін жетімнің ұғар?!
Кім бар, айтыңдаршы, осы қорлыққа шыдар?!
Әрине, бұл өз алдына өмірдің қисын заңы,
Құлағымда сақталған жетімнің сол ащы зары...

Бір ашылмай қабағым.
Неге жетім қаламын.
Мүмкін емес болмауы
Мені туған ананың.

Ана сүтін ембедім
Құшағыңа енбедім
Аймалаған аялы
Алақанын көрмедім.

Нұрмұхаммед Жақып & Еркін Қобланов (Julik MC) еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1