Көгiлдiр көлден не пайда Жағасы жайсыз жар болса Суы ашық балық аз Жиегі тайыз тар болса ___
Көк аспаннан не пайда Көгiнде күн күлмесе Қыздар жиған мақтадай Ақша бұлттар жүрмесе
Биік таудан не пайда Шыныңда аққар жатпаса Сылдырап аққан тау суын Сүйсынып балдай татпаса ___
Шайкалған баудан не пайда Жемiсiн жазда татпаса Шаршап бiр келiп жұмыстан Саясында жатпаса
Жарық күннен не пайда Үйнде таның атпаса Бұл өмiрде қызық не Бұзығын шулап жатпаса ___
Байлықтан жиған не пайда Артыңда ұрпақ қалмаса Түн ұйқынды бөлгізген Сәбиден қолын талмаса
Ер жiгiттен не пайда Қолына қару алмаса Елiн жарын туғанның Дұшпанан сақтап қалмаса ___
Аталы ұлдан не пайда Баталы сөздi ұқпаса Арақ iшiп мас болып Үлкенді үлгi тұтпаса
Бір туғаннан не пайда Бірлігі оның болмаса Ыстыққа бірге жылынып Сууқа бірге тоңбаса
Ағайыннан не пайда Көре алмай сенi күндесе Фалидін жалған екенiн Тiрлiкті ойлап бiлмесе
Сансыз достан не пайда Жаныңды сенiң сезбесе Шындықты бiрге іздесып Қыйындыққа төзбесе ___
Жастық шақтан не пайда Жалындап бір жанбаса Айлы түнде қыдырып Махаббатқа қанбаса
Кәрiлiктен не пайда Қартайып қызық көрмесе Асырап баққан ұл-қызын Қарызыңды өтеп бермесе ___
Сұлу қыздан не пайда Ресторан жанын торласа Доллар үшiн ар кіммен Ар намысын қорласа
Сұлу жардан не пайда Тiрлiкте iсi болмаса Iздеп бiр досын келгенде Iйiлiп төсек салмаса ___
Көп бiлгенен не пайда Пайдасыз iште сақтасан Жастарды жийіп қасына Бiлгенiңді айтпасаң
Мен бақылдан не пайда Тыңдайтын жан болмаса Бiлiмдiден шыққан сөз Жүрекке барып қонбаса
Ойымды жинап келгенде Айтарым саған азамат Мұратыңа жетпесен Жамандыққа бетпе сен Ақыл айтқан адамға Өзім білем кет де сен Бұл өмірден не пайда Халқына қызмет етпесен
Бұл фалиден не пайда Бұл жалғаннан не пайда Халқына қызмет етпесен