1. Уақыт жылдам өтеді, келді міне кезегің, Қыз мұраты кету деп, ақ келін атанады, енді Гаухар кешегі. Кешегі бала күндер, қалар әркез есіңде, Анаңның аппақ сүтін, ағаңның қамқорлығын ақтап жүрші әркезде. Қ-сы; Еркелік артта қалсын, боласың сен Жар-Ана, Көздерің мөлдіресін, тосып тұр сені алдыңда. Бақытты өмір сүрші, жарыңмен бірге жаныңда, Тілегім шын жүректен, жолың болсын қашанда.
2. Ерке қыз қып өсірген, анаңа қарыздарсың, Сені әркез кешірген, барын салып жеткізген, сенің жалғыз анашың. Ағаң мен апаң да бар, бауырларың бір туған, Сен үшін алаңдаған, бірге өсіп ойнаған, үлгі болсын тек саған. Қ-сы; Мәңгі бақыт тілеймін, бағың жансын өмірде, Мәңгі болсын махаббат, сөнбес сезім көңілде. Мәңгі денің сау болсын, атанған соң От-Ана, Мәңгі осы әнімді, сақтап қалшы есіңде.