Қызы едің, Ыбырайдың Балқадиша, Бұралған белің нәзік, шіркін -ай, тал Қадиша-оу Сексен қыз, серуенге шықсадағы-ау, Ішінде қара басың, шіркін-ай, хан Қадиша!
Дегендей Балқадиша, Балқадиша, Боларсың біздің сөзге, шіркін-ай, зар Қадиша-о! Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың, Боларсың қандай жанғау, шіркін-ай, жар Қадиша-е!
Қызы едің Ыбекеңнің Балқадиша! Есілді өрлей біткен, шіркін-ай, тал - Қадиша! Бір емес, екі жеңгең келіп отыр, О рұқсат бізден сізге-ау, қарағым бар Қадиша.
Басынан Жыландының құлағаным, Кекілін кер бестінің, шіркін-ай, сылағаным-о. «Кетті» деп Балқадишаны естігенде, Құшақтап құз-жартасты, шіркін-ай, жылағаным!