Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Рустам Жаксыбаев - ҚИЯ АЛМАЙ СЕНІ сози М.Токсанбай ани А.Ашим | Текст песни

Бәрінен кеш қалып,
Өкініп еске алып.
Жаңа күнді ескі мұңмен қарсы аламын.

Жетпейді қолым бір,
Өкінтті өмір бұл...
Қайда жүрсің? Кіммен жүрсің, аңсағаным?!

Қ-СЫ:

Ойымды басып бүгін тұман қайғы,
Өзіңсіз жүрек жылап, жұбанбайды!!!!

Жүрек мұзын еріткен,
Сүйгенімсің өмірдегі.
Сені ойласам неліктен,
Түнде түсім бөлінеді?

Басқа жанға аштың ба,
Сырларыңды көңілдегі?
Суық жаңбыр астында,
Ыстық жасым төгіледі...

Қия алмай сені, Жаным!

Қонбайтын құсымсың,
Тәп-тәтті түсімсің.
Сен мен үшін бұл жалғанның жарығысың.

Сені іздеп күні-түн,
Өксиді үмітім.
Өзегіме өрт боп түсіп сағынышым!

Қ-СЫ:

Ойымды басып бүгін тұман қайғы,
Қайдасың? Жүрек жылап, жұбанбайды!!!!

Жүрек мұзын еріткен,
Сүйгенімсің өмірдегі.
Сені ойласам неліктен,
Түнде түсім бөлінеді?

Басқа жанға аштың ба,
Сырларыңды көңілдегі?
Суық жаңбыр астында,
Ыстық жасым төгіледі...

Қия алмай сені, Жаным!


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-