Ақылды жан алданбас, Ақылсыз жан қорғанбас, Бұқар жырау айтқандай Алла деген ар болмас, хақтың жолы тар болмас, Құдайға мойын бұрмасақ, Қысыл таяң күн туса жаратқан өзі жар болмас,Бес уақыт намаз оқысаң, Ақырет күні ИншаАллах Тозақта жаның қор болмас Бір құдайдан қорықта, Жайнамазбен бол құрдас, Дүние деген жалғанға Ей,адамзат алданба! Сені тастап қашады көрге жақын барғанда,Дүниені іздесең мақсат етіп көздесең, Көкіректі түн басып адасасың лезде сен!
Жақсы іске сайланып Ақыретті ойланып, Жүрген адам жүрегі, кетер нұрға айналып хадиске құлақ салсаңыз, Пайдасын ұғып қалсаңыз Өмір тәтті көрінер Дүние құмар болсаңыз, Өмір тәтті көрінер нәпсің соған көнігер, Кеудедегі маххаббат мал мүлікке бөлінер, Ұмытып сен азапты, малға қойсаң талапты, кешіктіріп аласың тәубеменен талапты! Ұмытып есен сағатын кемісе тәубе тағатың көре алмай қаласың алланың ұлы жәннәтын,Ал иманды адамың білер істің жаманын өмірді өлім тосар деп бекер басар қадамын, Өмір бір күні өтер деп осы азығым жетер деп Жақсы иманын бекемдер Байлық басқа қатер деп Өлімге бітсе өмірің Мал мүліктің бәрі мұң Шетінек, жері сыз күтіп тұр сені қабірің
Осының барын ойлап ал жақсы ісіңді сайлап ал Иманыңмен көз жұмып жәннәт деген жайға бар
Қирағандай қымбатың тасқа құлап Жасыма дос жанарың жасқа құлап Өмір өтті деп өксі бекершілік, Босқа өтті деп өксу басқа бірақ,Жүре бер болып осы қалпыңды алмас Қалыпыңды қайтейін жан тыңдамас,Сен сенбеді екен деп сәлде болса, жалыны жаханнәмның салқындамас, Жоққа санап жалғанның барша алтынын, Жалғыз ғана жартқанның ал тілін, сынақ өмір сындырмасын сағыңды, жан қиналмай жәннәт қайда жарқыным? Көксемесең көрінді мәңгүртіңде ақиатын алдында ал бөркіңді шындық шіркін қай кезде тәтті боп еді? ащы дәрі жазбайма бар дертіңді? жеткізетін жәннәтқа арман ізді