Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Рысбекова Гульназ - Біздің Семей осындай! | Текст песни

Біздің Семей осындай! (терме)
Сөзі: Қалихан Алтынбаевтікі
Әні: Серік Молдабековтікі
Тарихын зерттеп білмесе,
Тағлымды ұрпақ өспейді,
Көзіңмен көріп қайтарсың
Ертістей ерен төскейді.
Бабалар рухы тұрғанда,
Семейдің оты өшпейді,
Ерлерім жүрсе жол бастап
Басынан бағы көшпейді

Е-ей!
Күркіреген көк Ертіс,
Кім суына түспеген,
Құмарын елдің қандырған
Кім суыңнан ішпеген.
Ақын да келген өзіңе
Аузымен құс тістеген.
Батыр да кепті өзіңе
Жодығыр жолбарыс түстенген.
Құмдауыт мына жағада
Түнепті Асан баба да.
Күйменің ізін қалдырған
Ардагер Шоқан аға да.
Михаэлис, Абай тұрыпты,
Танысып қітапханада

Қайырмасы:
Әдебиет бесігі,
Мәдениет есігі
Тарихтың қоймасындай
Біздің Семей,
Біздің Семей осындай!

Е-ей!
Арқыраған ақ Ертіс,
Айдыныңа кім жүзбеген,
Қойның толы ақ шортан,
Ау салып кім сүзбеген,
Желегі жасыл қарағай
Жапырағын кім үзбеген,
Арғы бергі жағаңда
Айқасып жатыр із деген.

Көз әйнегін ысырып,
Құлаққа қалам қыстырып,
Отырыпты ойланып,
Достоевский дана да,
Янушкевич қызыққан,
Көк Ертіске, қалаға.

Қайырмасы:
Әдебиет бесігі,
Мәдениет есігі
Тарихтың қоймасындай
Біздің Семей,
Біздің Семей осындай!

Е-ей!
Жеті ғана шатырдан,
Шаһар боп үйір шақырған,
Жап-жатаған жер үйден,
Көкке қарай өрілген.
Сығырайған шырақтан,
Самаладай нұр атқан,
Түйелі митың ырғақтан,
Тепловозы зыр қаққан.
Заводтары түтіндеп,
Жыртығын бұлттың бүтіндеп,
Асқақтап комбинаттары,
Институт ғимараттары.
Сайраған бақта бұлбұлы,
Жайнаған түнгі оттары.

Қайырмасы:
Әдебиет бесігі,
Мәдениет есігі
Өнердің ордасындай.
Біздің Семей,
Біздің Семей осындай!


Рысбекова Гульназ еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1