Мен сенімен қанша рет қоштасып,қанша рет оралдым?! Қанша рет қайтадан келіп,қанша рет үнсіз жоғалдым?! Қайғы мен қуанышта да,сүрініп құлағанда да Менімен біргесің,көмексің сұрай қалғанда. Жұбатушыма айналдың,үміт үзілген сәттерде. Екеуміз бір арнада толтырдық қанша дәптерді?! Бәрі теріс айналған кезде қол созып сен келгенсің, Өзің жараласаң да шипамсың,үнсіз емдерсің. Күрсінсем күзім болғансың,жас ақса жазым боп келдің, Мен сені сатқан емеспін өзіңсіз кезім боп педі?! Иә білем ренжейсің,кейде демсіз қалдырасың, Арғы атам өнерсіз бопты,сен кімнен қалған мұрасың?! Мыңдардың арасынан неге тек мені таңдадың?! Өзің де білесің,ұйқысыз атқан таңдарды. Тоңдырмадың суықта жылу боп жүрекке келдің, Он үш жасыман бері өзіңсіз күн өтпеп еді.
Қайырмасы: Мендегі барым тек сенсің жалғызым жүрегімдейсің. Музыка-рақмет саған тек өзіңмен жүре күндейді. Мейлі есі ауысқан деп түсінбесін басқалар, Мен сенен бас тартсам да тек сен мені тастама!
Менің көзқарасым өлмейт(ді) толықтай көзім жетті. Қанша арзан адамдарға қымбат сөздерім кетті. Өмір алмасты соло әндерім жалғасты, Өзім сезінбеген нәрсені мен жырлай алмаспын! Аспан қараңғы,көзбен шолдым тағы қаламды. Мен өзімнен бас тартпаймын кешір әке балаңды! Құлақта құлақ қап,оңаша кеттім жырақтап. Мен түсе аламын ба Жұмаққа?! Тым қиын сұрақтар... Ешкімге қайғы тілемеймін таңдап жолдың тазасын. Өмір маған осылай ұнайды жауларым жүз жасасын. Бәлкім тоңа бастадым рухани көмекке зармын, Байлық пен ақша әлсіз алдында намыс пен ардың. Олардың хип-хоптарынан менікі бөлек толқын, Шайқалу маңызды емес ашта тыңда да толқын. Оларға маңыздырақ жұлдыз болып аттары шыққаны, Мен үшін маңыздырақ тыңдарман сөзімді ұққаны.