Қалайша жүрегіме бойламадың Өзіңмен бірге талай тойға бардым Мен саған ғашық едім амалым не Сен мені бақыттым деп ойламадың Мен саған ғашық едім амалым не Сен мені бақыттым деп ойламадың
Сезбедің ұға алмадың сырларымды Өзіңе арнап жазған жырларымды Сезбедің ұзақ түндер сені ойлаумен Сыртында терезеңнін тұрғанымды Сезбедің ұзақ түндер сені ойлаумен Сыртында терезеңнін тұрғанымды
Қайтейін сен ажарсыз еттің мені Сол жазда жиделер де көп гүлдеді Сол жазда көрші ауылдың баласына Мәңгіге айырбастап кеттің мені Сол жазда көрші ауылдың баласына Мәңгіге айырбастап кеттің мені
Өзгертті жылдар солай шешіміңді Сүйген жан әрқашанда кешірімді Мен қайтіп ұмытайын жүрегіме Өпестей жазып кеттің есіміңді Мен қайтіп ұмытайын жүрегіме Өпестей жазып кеттің есіміңді