Келді құлпырып көктем,
Сағынып күткен.
Сайрайды құстар ұшқан,
Сұлу ғой неткен.
Сен де жаным жүрсің бе, ұмытпай мені?
Жүрегімнің дүрсілі сезеді сені.
Жанымда сенсің, таңымда сенсің
Көңілімді көтерер, сенің нәзік лебізің
Қайда кетті сол күндер арман күндерім?
Өтіп кеткен уақытты мүлде сезбедім.
Жалғыз уайымға неге тастадың мені?
Жүрегімнің дүрсілі сезеді сені.
Жанымда сенсің, таңымда сенсің
Көңілімді көтерер, сенің нәзік лебізің
Сейфуллин Жолбарыс еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1