Он сегіз мың ғаламға сәруар болған Мұхаммад, Отыз үш мың асхабқа сардар болған Мұхаммад. Қанағатқа қалыбы құрбан болған Мұхаммад, Жамағатқа жалыны нұрдан болған Мұхаммад, Адасқанның ақ жолын анық қылған Мұхаммад. Құран оқып Аллаға зарық қылған Мұхаммад.
Бес уақыт намаз болғанда имам болған Мұхаммад. Миғраж асып Құдайға мейман Мұхаммад, Тасбих айтып тазармай танылмаған Мұхаммад. Аршы гүрсі базары сыйдан болған Мұхаммад, Сегіз бейіш иесі уәли болған Мұхаммад. Міскін Ахмет зарланып қари болған Мұхаммад. Жарды сүйіп баршаға дана болған Мұхаммад, Жетім менен пақырға пана болған Мұхаммад.